Мақат ауданында «Имани жаз» курсының алғашқы легі қорытындыланды

Мақат аудандық орталық мешітінде 34 шәкірт маусымдық «Имани жаз» лагерін қорытындылады.

Жазғы сауат ашу лагері кезінде күнделікті сабаққа белсене қатысып шыққан 20 қыз балаға,
14 ұл балаға салтанатты жағдайда сертификаттар табыс етілді.

Жас өрендерді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов құттықтап, шәкірттерге алғыс айтты.

«Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.  Жалпы Құранда «білу» деген мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі» деп атап өтті ұстаз Біләл Сағындықов.