Мақат ауданында наиб имам тағайындалды

Мақат аудандық орталық мешітінде наиб имам тағайындалды.

Сулейменов Дастан Рахманбердіұлын жамағатқа Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов таныстырды.

Дастан Сүлейменов 2010-2013 ж.ж аралығында Шымкент қаласы, Шымкент медресе колледжінде Исламтану мамандығын алған.

2013-2016 ж.ж аралығында Түркия еліндегі Хасеке академиясында Исламтану мамандығын алған.

2018-2021 ж.ж аралығында Шымкент қаласы, Халықтар Достық университетінде Тарих мамандығы бойынша бакалавр дипломын алған.

Еңбек жолы:

2016-2019 ж.ж аралығында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жылыой мұсылмандар орталық мешітінің ұстазы.

2016-2019 ж.ж аралығында Атырау облысы, Шапағат қоғамдық қорының теолог маманы.

2020-2022 ж.ж аралығында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек елді мекеніндегі, Құрбанқожа мешітінің ұстазы.

2021-2023 ж.ж аралығында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш медресе колледжінің ұстазы.

2022-2023 ж.ж аралығында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Тасбұлақ ауылы
«Зақ» мешітінің наиб имамы.