amin.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Мақат аудандық орталық мешітінің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетілді.
«Осыдан біраз уақыт бұрын Мақат ауданында футболдан қайырымдылық турнирі өткен болатын. Турнирден түскен қаражатты біз тоғыз бала тәрбиелеп отырған шаңыраққа жұмсағанды жөн санадық. Яғни, осы шаңырақтың сал ауруына шалдыққан екі сәбиіне арнайы тапсырыспен арба жасаттық. Енді міне, араға біраз уақыт салып дайын болған арбаларды тапсыру мүмкіндігі де туды.
Сонымен бірге, жеті бала тәрбиелеп отырған мұқтаж отбасыға азық-түлік табыс етілді. Және ауыр дертке шалдыққан Темірлан есімді бауырымызға қаржылай көмек берілді.
Бүгінгідей ел басына күн туып жатқан қиын-қыстау заманда бірлігімізді көрсетіп, дұғада болғанымыз жөн. Әрі мұқтаж жандардан да қамқорлығымызды аямауымыз керек» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.