Мақат ауданында Ораза Айт кең көлемде аталып өтті (+ ФОТО)

Мақат аудандық орталық мешітінде Ораза айт мерекесі ерекше аталып өтті.


Ұлттық спорт ойындарынан жамағат арасында сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Ағаш үйі құрылып, ақсақалдарға құрмет көрсетілді. Балаларға айттық таратылды.

«Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт мерекесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі. Ораза Айт қуаныштың, шаттықтың, шүкіршіліктің мерекесі» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.