Мақат аудандық орталық мешіті ұйымдастырған қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар қамтамасыз етілді.
Акция аясында отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік таратылды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық. Ислам дінінің өзі әркез жақсылық жасауға, бауыр болуға үндейді.
Мұқтаж отбасыларына қолдау көрсету пандемияға қарамастан жалғасын табады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.