Мақат ауданында Қайырымдылық турнирі болып өтті

Мақат аудандық орталық мешітінің және жамағаттарының ұйымдастырумен Қайырымдылық турнирі болып өтті.


Турнир аясында жиналған қаражат сырқатқа шалдыққан Айжұлдыз бүлдіршіннің емі үшін, ата-анасына табысталды.
Қайырымдылық турниріне 12 команда қатысты.

Тартысты бәсеке нәтижесі төмендегідей болды:
І-орын 1994 жыл
ІІ-орын 1997 жыл
ІІІ-орын 1991жыл
ІV-орын 1995 жыл

Сондай ақ, қайырымдылық турнирінің үздіктері мараптталды. Осылайша, төмендегі ойыншылар мынадай номинацияларға ие болды:
«Үздік ойыншы» – Оңбергенов Майрамбай
«Үздік шабуылшы» – Амантаев Барша Мұрат
«Үздік қорғаушы» – Капсалимов Абзал
«Үздік қақпашы» – Тукенов Нұртай