Төтенше жағдай кезінде Мақат ауданы аумағында тасқын судан қорғау шараларына белсенділік танытып, қатысқаны үшін, Мақат ауданының бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың алғыс хатымен марапатталды.
«Ел басына күн туған қиын кезеңде азаматтық танытып, қиындықтарды жеңуге атсалысқан баршаңызға алғыс айтамын. Биылғы тасқын қауіпі Атырау облысы үшін ғана емес, тұтас еліміз үшін үлкен сынақ болды. Баршаңызға алғыс айтамын. Қиындықтар әлі де жалғасып жатыр. Біз біргеміз» деді Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов.