Мақат мешітінде 20 отбасына азық-түлік таратылды

Мақат аудандық орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылар қамтылған қайырымдылық акциясында 20 шаңыраққа азық-түлік таратылды.

«Қайырымдылық акциясы Мәуліт айының құрметіне арналды.

Қайырымдылық адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі және ізгіліктің анық көрінісі болып есептеледі.

Қасиетті Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші.

Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» [1] делінген.

Ізгілік бағытындағы шаралар жалғасын табады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.