Мақат аудандық орталық мешітінде «Имани жаз» курсы қорытындыланып, үш ай білім алған шәкірттерге сертификаттар табыс етілді.
6-18 жас аралығындағы шәкірттер қамтылған курс әлі де жалғасуда.
Аптаның 6 күнінде 2 сағаттан өтіп жатқан сабаққа Зүлфия Рахметова ұстаздық етуде.
«Қазіргі уақытта бірқатар шәкірттер Құран бойынша ілімдерін жалғастыруда. Ағартушылық, рухани бағыттағы шаралар жалғасады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.