Мақатта мешіттің жастар жамағаты арасында білім сайысы өтті

Мақат аудандық орталық мешітінде жамағаттар арасында білім сайысы болып өтті.

Шәкірттер осы уақытқа дейін оқыған діни тақырыптар бойынша сабақтардан емтихан тапсырды. Сынақ 2 турдан тұрды.

Білім сайысына барлығы 16 шәкірт қатысты.

Шәкірттер «Ақида», «Пайғамбарымыз с.а.с өмірі», «Ғибадат», «Фиқһ»
«Құран және тәжуид», «Әдеп» тақырыптары бойынша білімдерін сарапқа салды.


Сайыс нәтижесімен І орын Мейрамбай Кереев, ІІ орын Ади Байтаев,
ІІІ орын Мақсат Қамбаровқа бұйырды.

Қатысқан барша шәкірттер бағалы сый-сияпат және алғыс хатпен марапатталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.