Мақатта орталық мешіт көп балалы отбасыларға құрмет көрсетті (+ ФОТО)

Мақат аудандық орталық мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай, ізгілік шарасы өтті.

Көп балалы 20 отбасыға ет таратылды. Шара аясында Мәуліт айының хикметі, Пайғамбар (с.ғ.с) өмірінің өнегесі туралы насихат айтылды.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген екен: «Тәңірім маған тоғыз өсиет айтып қалдырды, мен соларды сендерге жеткіземін. Ол былай деді:

1. Өзіңе де, өзгелерге де адал бол;

2. Ренжісең де, қуансаң да әділ бол;

3. Бай болсаң да, кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма;

4. Сені кеудеден итергісі келгендермен де достық қарым-қатынасыңды үзбе;

5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса;

6. Саған зиян жасағандарды кешіре біл;

7. Үнсіз тұрсаң да санаң ойға толы болсын;

8. Әр сөзің Алла тағаланы еске түсірсін;

9. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін беріледі».

Міне, бұл Алла тағаланың пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) берген маңызды кеңестерінің бірқатары. Ол өмір бойына осы кеңестерді орындаумен болған. Ол осынау ізгі қасиеттерді жасап қана қоймай, оларды өзінің кейінгі үмметіне өсиет қылып қалдырған. Бұл айтылғандар ислам этикасының негізін құрайды» деп атап өтті ұйымдастырушылар шара аясында.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.