amin.kz/ 1 маусым, 2020 жыл. Бүгін Атырау қаласында және облысқа қарасты бірнеше ауданда мешіттер ашылды.
Осыған байланысты Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы видео үндеу жариялады.
«Алла шүкір, бұл күнге де жеттік. Десе де, мешіттерімізде маска режимі сақталады. Жамағатпен намаз оқылмайды. Мешітте жекелеген құлшылықтар ғана жасалады. Ара қашықтық сақталады. Неке қиылады, Құран оқылады» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Әзірге Жылыой, Мақат аудандарында мешіттер карантин жариялануына байланысты жабық тұр.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.