Атырауда Тасқала елдімекенінде орналасқан «Мәулімберген» мешіті ерекше акция ұйымдастырды.
«Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов Кеңөзек ауылдық округі әкімдігінде қызмет ететін қарапайым жұмысшы анаға 25 мың теңге табыс етті.
Есімін атамауды қалаған қарапайым жұмысшы мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған ана.
Ерекше баланың анасына қаржыны Кеңөзек ауылдық округі аппаратының бас маманы Күміс Рақымқызы табыс етті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.