Ізгі шараны Жылыой аудандық орталық мешітінің әйел- қыздар жамағаты ұйымдастырды.
«Қасиетті Мәуліт айына байланысты жыл сайын ерекше шаралар мен жиындар өтетіні сөзсіз. Қазір елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты үлкен жиын ұйымдастырылмаса да, кішігірім шара өткізілген болатын.
Басты мақсатымыз – балаларды қуантып, әлемдердің сардары, жаратылыстың абзалы болған Мұхаммед пайғамбарымыздың есімін таныту болды. Осылайша 40 балаға сыйлықтар таратылып, пайғамбарымызға салауаттар айтылды» дейді ұйымдастырушылар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.