Жылыойда әйел жамағаты Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтты

Рухани шараны Жылыой аудандық орталық мешіті Әйел-қыздар секторының жергілікті өкілдігі ұйымдастырды.

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен шара аясында қатысушылар “Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтудан” өзара жарысты.

Рухани шарада адамзаттың ардақтысына 100 мың салауат айтқан Әсел Аманқосқызы бас жүлдені еншіледі.

Бірінші орын Үміт Жұмабаеваға бұйырды. Айжан Дәуітқалиева мен Жадыра Молдашева екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Еске сала кетелік, мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед ﷺ  Пайғамбардың туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады.

Бұл – дінде әу баста болмаған, кейіннен енгізілген нәрсе. Әйтсе де, көпшілік ғұламалар мәулітті құптарлық жақсы жаңалыққа жатқызады.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.