amin.kz/ 4 қыркүйек, 2020 жыл. Республика көлемінде жүзеге асырылып келе жатқан қайырымдылық акциясы Исатай ауданының орталық мешітінің және «Иман жастары» еріктілерінің ұйымдастыруымен жалғасты.
«Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж, көп балалы отбасылардың балалары қамтылды. Оқу құралдары жинақталған сөмкелер оқушылардың алаңсыз білім алуына сәл де болса септігін тигізеді деген сенімдеміз. Қайырымдылық бағытындағы шаралар жалғасады» дейді Исатай аудандық орталық мешітінің бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.