Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының кітапханасына Мүфтият баспасынан шыққан еңбектер табысталды.
«Қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген діни, рухани-танымдық еңбектер, аудармалар шәкірттер үшін тиімді болды» дейді баспа өкілі Нұркен Мағриденұлы.
Баспа өнімдері алдағы уақытта да шалғайда жатқан ауыл мешіттеріне жеткізілетін болады. Жаңа еңбектердің қатарында «Мінсіз Мұхаммед», «Пәтуалар жинағы», «Основы веры», «Қажылық және ұмра анықтамалығы» еңбектері бар.
Еске сала кетсек, орталықта қазіргі таңда 35 шәкірт білім алуда.