Мүфтият 30 жыл: Атырауда көпір жөндеуден өтті

amin.kz/ 31 шілде, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық атаулы датасының құрметіне, Атырау мешіттері көпірді күрделі жөндеуден өткізді.

Атырау қаласына қарасты Сарыөзек селосын жалғап тұрған көпір осылайша ел игілігіне тапсырылып отыр.

Жергілікті тұрғындар үшін үлкен маңызға ие көпірдің жөндеуден соң қайта пайдалануға берілу рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

«Еліміздегі барша мұсылман қауымның қара шаңырағына айналған мүфтияттың құрылғанына 30 жыл толу атаулы датасына орай, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің барлық өңірлерінде, әсіресе, шалғай ауылдарда құдық қазуды, көпір салуды тапсырған болатын. Жұртшылыққа пайдасы ұшан-теңіз мұндай сауапты амалдардың қатары көп болғаны абзал.

Атырау қаласына қарасты Сарыөзек ауылында пайдалануға беріліп отырған бұл көпір ұзақ уақыт жұртшылыққа қызмет етеді деп сенеміз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.