Мүфтият жағдайы төмен 30 шәкіртке білім грантын тапсырды

 amin.kz/ 8 маусым, 2020 жыл.  Бұл туралы Бас мүфтидің баспасөз-хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

«Біздің қоғамда зират және жерлеу рәсіміне қатысты күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселе жоқ емес. Бас мүфти кезекті Аппарат жиналысында жерлеу рәсімін жүзеге асыратын арнайы орталық ашуды тапсырды.  

«Біріншіден, жерлеу рәсімінде шариғат талабы ескерілмейді, екіншіден, діни салттық қызметті кәсіпке айналдырғандар халықтың жағдайымен санаспайды. Осыдан кейін қазалы үй қаражат іздеумен сарсаңға түседі. Біз бұл мәселені ескеріп, мүфтият жанынан жерлеу рәсімін жүзеге асыратын орталық ашуды қолға алуымыз қажет» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы. Қазір осы тапсырма аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Біздің мақсат – қазалы үйдің қайғысын сейілту…

Қайғы дегеннен шығады, Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ағайынға сынақ келгенде Бас мүфти гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтуды тапсырды. Өзі Мақтааралға арнайы барып, 10 млн. теңге көлемінде көмек көрсетіп, баспанаға аса мұқтаж 3 отбасыға жаңа үйдің кілтін табыстады.

Қайырымдылық – Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Карантин кезінде Нұр-Сұлтанда 2100, Алматыда 1000 отбасыға азық-түлік таратылды.

Бас мүфти «ҚМДБ-ға – 30 жыл» мерейтойы аясында 30 студентке ҚМДБ білім грантын табыстады. Осы бір сауапты іс жетім мен көмекке мұқтаж студенттерге үлкен қолдау болғаны анық.

Бұл – Бас мүфтидің жүз күнінде жасалған негізгі жұмыстар… Қайталап айтқанда, бұл – есеп үшін емес, есеп күні үшін…» делінген хабарламада.