Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің құрметіне Жылыой аудандық орталық мешіті құлсарылық 500 сәбиге тәттілер таратты.
«Ондағы мақсат – балаларға Наурыз мерекесін сезіндіру. Ұлттық мейрамымыздың жылулықтың, татулықтың, бірліктің символы екендігін балалар да ұғынып өсуі қажет» дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Тәттілер толтырылған сыйлықтарды мешіттің еріктілері таратты. Көше-көшені, ашық аспан астындағы ойын алаңдарын аралап жүріп бүлдіршіндерді қуантқан еріктілер Наурыз күнгі тосын сыйдың балаларға ерекше әсер сыйлағанын айтады.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.