Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында өңір басшысы Серік Шәпкеновпен кездесті.
Кездесуде өңірдегі діни ахуал сөз болды. Сонымен қатар имамдардың діни білімін арттырудың маңызы талқыланды. Бас мүфти облыста ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының қызметі туралы айрықша атап өтті.
Сондай-ақ басқосуда өңірдегі жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру жайы қозғалды. Кездесу соңында тараптар руханият саласындағы ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға келісті.
Бас мүфти облыс әкіміне жуырда ғана шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын сыйға тартты.