Пайғамбар қасиеттері: Уәдеге беріктік

Пайғамбарымыздың асыл қасиеттерінің бірі уәдеге өте берік болуы.


Қазіргі таңда адамдардың бойынан табыла бермейтін асыл қасиеттердің бірі. Уәде де тұрмау бұл адам баласына деген сенімсіздік әкеледі.


Алла Тағала қасиетті Құран да: “Сертке берік болыңдар! Өйткені берілген серттің сұрауы бар” деген.


Хузайфа ибн әл-Яман және Әбу хусайл деген екі сахаба Меккеден Мәдинаға сапарлап бара жатқанда Мекке Құрайыштары ұстап алады. Олардың Мәдинаға бара жатқанын біліп кері қайтармақшы болады. Олар Құрайыштарға қарсы соғыспауға Алланың атымен ант етуін сұрағанда олар ант береді және оларды босатып жібереді.

Кейін Мұсылмандардың кәпірлермен алғашқы Бәдір соғысы кезінде мұсылмандар саны аз болса да Пайғамбарымыз олардың берген серттері үшін соғысқа қатыстырмайды. Пайғамбарымыз: “Сендердің уәделерің үшін олармен соғысуға тыйым салынды, Алладан оларды жеңу үшін жәрдем сұраймыз” деді.

Бұл мүшріктерге берілген уәде болса да, Пайғамбарымыз ол уәдені бұзбады. Сахабалардан Абдуллаһ ибн Әбул Хамса Исламға дейінгі кезеңде Пайғамбарымызбен сауда – саттық жасасқаны турасында осы оқиғаны әңгімелеген:
Хазірет Пайғамбармен сауда жасасып, оған біраз қарызданып қалдым. Мұрсат болса, кейінірек төлегім келетінін айттым. Өтінішімді жерге қалдырмады. Бірақ берген уәдемді ұмытып кетіппін. Арада үш күн өткен еді. Есіме түсіп барғанымда, сол орыннан тапжылмай мені күтіп тұрғанын көрдім”. деген.


Қазақ халқында; “Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені”
“Уәдені бұзған – Ұяны бұзғанмен тең” деген нақыл сөздер қалған.
Әрдайым берген уәдемізге серттескен сертімізге берік болайық ағайын!


Жасұлан ҚУАНЫШҰЛЫ, Жылыой ауданының бас имамы.