Жылыой ауданы мешіті қарияларға құрмет көрсетті

Қазан – қамқорлық айына байланысты, Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қарттарға арналған шара өтті.

80 адамды қамтыған іс-шарада Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев «Мәуліт айының артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.

«Мәуліт – кешірім айы. Мәуліт – береке айы. Мәуліт айында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі, сипаты, туралы кеңінен мәлімет алуға, оқуға, білуге тырысу керек» деп атап өтті Жасұлан Қағазғалиев.

Шара аясында ақсақалдар толғандырған сауалдарын ортаға салды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.