Президент репрессия құрбандарының рухына арнап Құран оқытты

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді.

Президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрбандардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Айта кетейік, 1997 жыл­дан бері жыл сайын елімізде 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні болып бекітілген.