Қасиетті Қадір түні Атырау орталық мешітінде таңғы үшке дейін жалғасқан құлшылық соңынан жамағатқа сәресі таратылды.
Ауыз бекіткендер үшін үлестірілген сәресі қоржыны 1000 адамды қамтыды.
«Мың айдан да қайырлы Рамазан айында келетін Қадір түні – қасиетімен ерекше. Бұл күні адам көбірек дұға жасауы керек. Біз осынау қасиетті түнде Рамазан берекесін көбірек насихаттауды көздеп отырмыз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.