Қайырымдылық керуені: Доссор ауылында 20 отбасыға азық таратылды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 11 сәуір, 2020 жыл. Біз біргеміз! Осындай ұранмен Мақат аудандық орталық мешіті қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара аясында Доссор ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға азық-түлік үлестірілді.

Барлығы 20 отбасы қамтылған акция Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен іске қосылған «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

«Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған. Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.