Атырауда дәрігерлерге, блок посттарға және көше тазалаушыларға ыстық тағам, бетперде үлестірілді (+ВИДЕО)

amin.kz/ 11 сәуір, 2020 жыл. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қайырымдылық керуені» бастамасына және Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының үндеуіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті үлес қосты.

Кеше Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиевтың қолдауымен құлшылық үйінің еріктілері халық саулығы үшін уақытпен санаспай күресіп жатқан Атыраудағы медицина қызметкерлеріне және карантин жағдайындағы қаланың қауіпсіздігін 24 сағат қамтамасыз етіп жатқан блок посттардағы полиция мен әскерилерге, сонымен бірге, көше тазалаушыларға ыстық тағам апарды.

«Сонымен бірге, бұл күні Сұлтан Бейбарыс мешіті жанындағы «Алтын өрнек» шеберханасы тігіншілерінің қолынан шыққан көп реттік маскаларды да үлестірдік. Ел басына күн туып жатқан қазіргі қиын жағдайда жүрегіміз дұғада, ісіміз жақсылықта болсын. Біз біргеміз» дейді еріктілер.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.