Біз біргеміз: Жылыой мешіті жұртшылыққа 500 маска таратты (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 11 сәуір, 2020 жыл. Жылыой ауданының орталық мешітінде жамағаттың бірлесуімен 500 бетперде тігілді.

Бетперделерді Құлсары қаласының көшелерінде Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев бастаған мешіт қызметкерлері тұрғындарға үлестірді.

“Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен елімізде “Қайырымдылық керуені” жобасы іске қосылған болатын. Әлемді дүрліктіріп жатқан бүгінгі жағдай бізді игілікті істер жолында біріктіруі тиіс. Біз елордада басталып, Атырауда жалғасын тапқан қайырымдылық эстафетасын жалғастырып отырмыз.

Алла Тағала баршамызға Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп еткей” дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.