amin.kz/ 23 мамыр, 2020 жыл. Мақат ауданында 50 отбасыға азық-түлік таратылды.
Қасиетті ораза айт қарсаңында осылайша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отыр.
«Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды Қайырымдылық бағытындағы шаралар жалғасын табады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.