Қайырымдылық керуені: Жұлдыз мешітінде 30 отбасына азық-түлік таратылды

amin.kz/ 25 мамыр, 2020 жыл. Қасиетті айт мерекесінің құрметіне Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қайырымдылық шарасы болып өтті.

Бас мүфтидің бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатқан “Қайырымдылық керуені” акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасы қамтылды.

“Яғни, мешітіміз қамқорлықты қажет ететін көп балалы отбасыларға азық-түлік таратты.

Қиын – қыстау заманда қашанда мұқтаж жандардың қасынан табылған бауырларымызға Алла разы болсын! Осынша көп нығметті бізге беріп отырған Аллаға сансыз шүкірлік айтуымыз керек” дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің бас имамы Айтжан Абдиров.

Еске сала кетелік, Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан мешітте өткен қайырымдылық шарасына жастар жамағаты атсалысты.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.