Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Қанат Жұмағұл ұстаз Жылыой аудандық мешітінде ақшам мен құптан намазы арасында жамағатпен кездесті.
300-ге жуық жамағат жиналған кездесуде ұстаз Қанат Жұмағұл Құптан намазынан кейін мұсылман келбеті, ынтымақ, бірлік тақырыбында насихат айтты.
«Мұсылманның келбетіне тән маңызды сипаттардың бірі – кішпейілдік. Кішіпейілдік дегеніміз – өзгелерді менсінбеу немесе адамдарға жоғарыдан қараудан сақ болып, атаққұмарлықты, басқалардың өзін көтермелеп, құрметтеуін ұнатпай, керісінше оларды сыйлауда ыждағаттылық таныту. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Фурқан» сүресінің 63-аятында:
وَعِبَادُ الرَّحْمَنِ الَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى الأَرْضِ هَوْنًا
«Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен жүреді», – деп айтқан. Аяттағы «һәунун» сөзіне ғалымдарымыз: жұмсақтық, кішіпейілдік, тыныштық деген мағыналар берген» деді ұстаз Қанат Жұмағұл.