Қарилар орталығы ашылады: Атырау облысының Бас имамы діни нысандар құрылысымен танысты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыс орталығында салынып жатқан бірқатар діни білім орталықтарының құрылыс барысымен танысты.

Қазіргі уақытта Атырау қаласында Қайырымдылық мекемесі (медресе) мен орталық «Иманғали» мешіті жанынан Құран жаттау және діни сауат ашу курсы орталығы (Қарилар орталығы) салынуда.

Қарилар орталығының сыйымдылығы бір мезгілде 20 шәкірттің Құран жаттап, білім алуына шақталған. Сонымен бірге, орталық ұстаздарына арнайы екі баспана тұрғызылуда. Атап өтерлігі, Қарилар орталығы осы жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Қазіргі таңда Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніне қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі (медресе) салынып жатқанын атап өткен жөн . Құрылыс барысын көріп шыққан Бас имам нысанға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Жүз орындық нысанның бүгінде іргетасы қаланды. Мұнда діни іліммен бірге, дүниелік білім қоса беріледі, шәкірттердің спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалады деп күтілуде.

Сондай ақ, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Жұлдыз мешіті жанынан салынған қасапхана нысанын көріп, мешіттің Құрбан айтқа дайындық мәселесін пысықтады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.