Барлығы 40 түп болатын ағашты егуге ерікті жастар атсалысты.
Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында пайдалануға берілген Қасым хан мешітінің ауласына егілген ағаштар қазіргі уақытта ерекше күтімге алынып отыр.
«Қазақта атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген керемет тәмсіл бар. Ағаш – ол өмірдің жалғасы. Алдағы уақытта ағаштарымыз жайқалып өсіп, ыстықтаған жанға сая болатын болса, бұл біз үшін үлкен сауап» дейді ерікті жастар.
Еске сала кетелік, заман талаптарына толықтай жауап беретін Қасым хан мешітін өткен жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына арнайы келіп, ашқан болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.