Мақат мешітінде қайырымдылық жасалды

Мақат аудандық орталық мешіті әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында жиырма отбасына азық-түлік таратылды.

Әрқайсысы 30 келі болатын пакеттер бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

«Алда қасиетті Рамазан келе жатыр. Рамазан кезінде мүфтият бастамасымен іске қосылған «Қайырымдылық керуені» аясында жоспарлы түрде ізгілікті іс шаралар жалғасады» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.