Атырау мешіттерінде жаппай сенбілік өтті

Қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарының бір парасы – жаппай сенбілік бүгін Атырау қаласы, аудан, ауылдарда өтті.

Сенбілік барысында мешіттің ішкі ғимараты, сырты, аула маңы толықтай тазартылып, ағаштардың түбі әктелді. Шарбақтар сырланып, Рамазан туралы ақпараттық баннерлер ілінді.

«Ислам – тазалықты сүйетін дін. Сенбілік Рамазан қарсаңында ғана емес, жоспарлы түрде ұдайы жүргізіліп отыратын болады. Алла үйін тазалаудың сауабы мол» дейді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.