Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауын Twitter-дегі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.