Атырауда «Мәулімберген» мешітінде ұстаздар жастармен кездесті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде ұстаздар жастармен кездесті.

Кездесуде Әт – Тақуа мешітінің наиб имамы Қанағат Қалыбайұлы жастарға елге қызмет ету, Отанды сүю, білім алу, жастық шақтың қадірі тақырыптарында уағыз айтты.

«Отанды сүю – иманнан» деген сөз бар. Жастық шақты адам білім алуға, ізденуге жұмсауы керек. Білім алып, өзін-өзі дамытуда адамға ұстаз керек. Сондықтан, білімді мамандардан алуға, ел игілігі үшін қызмет етуге шақырамын» деді ұстаз Қанағат Қалыбайұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.