Қазақстан халқының саны 20 286 084-ге жетті

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адам болды.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Оның ішінде: қала тұрғындары – 12 774 743 ауыл тұрғындары – 7 511 341.

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысын діндер съезіне қатысуға шақырды. Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысын діндер съезіне қатысуға шақырды 04.02.2025 Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен – 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%. Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).