Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Аида Балаева дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
“Ізгілік пен рухани құндылықтарды насихаттауда дін саласының орыны ерекше. Дін – өте нәзік әрі маңызды сала. Ал, зайырлылық – көпконфессиялы және полиэтносты қоғамда бейбітшілікті сақтаудың жолы. Бұл тек мемлекетке ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматқа да қажетті.
Сондықтан қоғамның рухани мәселелерін шешуде бұл салада да бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз. Биылдан бастап Қазақстан қоғамындағы сын-қатерлерді ескере отырып, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылады. Тұжырымдама мемлекеттің зайырлы даму қағидатарын одан әрі нығайтып, мемлекеттік және конфессияаралық қатынастарды жетілдіреді, дін саласын реттеуде нақты қадамдарды анықтайды.
Дереккөз: «Казислам»