Елімізде коронавируспен вакцинасын салдыруға қатысты 23 тамыздағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирус инфекциясынан 118 989 КВИ+ және 5 2021 жылғы 23 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 6 369 263 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 013 064 адам», делінген хабарламада.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 840 844 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 680 997 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы.
Өңірде 715 599 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 534 014 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Алматы облысы – 644 292 адам екпені бірінші бөлігін алса, 510 862 адам екінші бөлігін қабылдаған.