Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, Қажылық миссиясының пәтуа бөліміне жауапты Бауыржан Абдуалиев қажылардан түскен 1649 сұраққа қатысты тиісті пәтуа берілгенін мәлімдеді.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, қажылық – Исламдағы бес парыздың бірі. Парыз амалды шариғатқа сай орындау өте маңызды. Біз қажылық маусымы қарсаңында арнайы ватсап топтарын ашып, жиі қойылатын сұрақтар мен оның жауаптарын жолдадық. Ал қажылық құлшылығы кезінде сұрақтардың басым бөлігі қажылық рәсімдері мен жеке мәселелерге қатысты болды. Біз қажыларымыздың шариғат талаптарына сай дұрыс құлшылық жасауына барынша көмектестік. Кейбір өзекті мәселелерді ҚМДБ жанындағы Шариғат және пәтуа бөліміндегі жауапты мамандармен ақылдасып, ортақ үкім шығардық» деп атап өтті Бауыржан Абдуалиев.
Айта кетейік, қажыларды мазалаған сұрақтарға жауап беру – Қазақстан қажылық миссиясы жұмысының бір бағыты. Осы мақсатта миссия жанынан арнайы пәтуа бөлімі ашылған болатын.