Қажылық орындарын конкурстық негізде бөлу нәтижесі жарияланды

2023 жылы Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4000 қажылық орындарын бөлді.

Қажылық маусымында қажыларымызға қолайлы жағдай жасау және қажылықпен айналысуға үміткер туроператорлар арасында бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық орындарын бөлу үшін ашық жариялаған конкурс бойынша 11-31 қаңтар аралығында туроператорлардан құжаттар қабылдады.

Қажылық орындарын бөлу үшін қоғам және дін қайраткерлері мен қажылық саласына қатысы жоқ діни қызметкерлерден құралған арнайы комиссия мүшелерін ҚМДБ Төрағасы бекітті.

Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу» туралы ҚМДБ ережесі негізге алынды.

Конкурсқа 20 туроператор құжат өткізді. Оның ішінде қажылық орындарын бөлу конкурсына қатысудың басты талаптарына негізделген құжаттары сәйкес 18 туроператор конкурсқа қатысты. Қалған 2 (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) туроператордың халықаралық талаптарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) сертификатының болмауы себебінен конкурсқа жіберілмеді.  

Туроператорлардан келген өтініштер мен талап етілген құжаттар ортаға салынып, әрқайсысы мұқият қаралды. Комиссия мүшелері жоғарыдағы ережеге сүйене отырып қажылық орындарын туроператорларға төмендегі кестеде көрсетілгендей бөлді.

«Қажылық-2023» маусымына туроператорларға бөлінген

қажылық орындарының кестесі 

Туроператор атауларыБөлінген квота саны
1.      «Хикмет Тревел» ЖШС350
2.      «Атлас Туризм» ЖШС340
3.      «Tawaf Travel» ЖШС330
4.      «Mina travel» ЖШС260
5.      «Sanabl kz» ЖШС250
6.      «Қызмет Саяхат» ЖШС225
7.      «Qazaq Travel» ЖШС225
8.      «Хидаят-Нур» ЖШС225
9.      «Nurkhan travel» ЖШС225
10.  «Ордабасы-НЖ» ЖШС225
11.  «Сембекова» ТС225
12.  «Ал-Маруа» ЖШС180
13.  «Delta Tour» ЖШС180
14.  «Robinzon KZ» ЖШС180
15.  «Нұр-Қазақстан»ЖШС180
16.  «Иман Travel Тур» ЖШС140
17.  «Dostik travel» ЖШС130
18.  «Qazaq Sapar» ЖШС130