Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс бағыттарының бірі – насихат және ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастырып, интернет кеңістігінде теріс діни идеологияның таралуын алдын алу.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты YouTube пен Instagram платформаларында, сондай-ақ өзге де әлеуметтік желілерде имам-ұстаздардың онлайн дәрісін өткізуді қолға алды. Аталған онлайн-дәрістер әлі күнге дейін жалғасуда.
2020 жылы атқарылған жұмыс нәтижесіне сәйкес, жыл басынан бері республика және облыстық деңгейде имам-ұстаздардың 11 137 онлайн дәрісі ұйымдастырылды. Осы онлайн дәрісті 15 678 238 адам тыңдады.
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «ХикметТВ» телестудиясы, республикалық muftyat.kz сайты, одан бөлек 21 өңірлік діни сайт жұмыс істейді. Оның ішінде muslim.kz, ummet.kz, ihsan.kz, akmechet.kz, mazhab.kz сайттары екі тілде (қазақша, орысша) ақпарат таратады.