amin.kz/17 қыркүйек, 2020 жыл. Қызметтік баспана кілтін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр ауылына барып арнайы тапсырды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының отыз жылдығына орай, мешіт имамдарын баспанамен қамтамасыз ету де міндеттелген болатын. Бұл жолы Мұқыр ауылының имамы Мұхаммед Сапарұлы баспаналы болып отыр.
Отбасында екі бала тәрбиелеп отырған бұл шаңырақ иесі бірнеше жылдан бері пәтер жалдап жүр. Асыл дініміздің таралуы жолында шалғай ауылда қызмет етіп жүрген әріптестерімізді қолдау жалғасады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау облысында беріліп отырған 10-шы баспана. Ал, республика бойынша 271-ші баспана дін қызметкеріне бұйырып отыр.
Сонымен бірге, бұл күні Мұқыр ауылдық мешітіне қарасты дәретхана пайдалануға берілді. Ер адам мен әйел адамға арналған дәрет алатын орын заманауи талаптарға толықтай жауап береді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.