ҚМДБ – 30: «Көшпелі керуен» аясында Атырауда 30 отбасына азық-түлік үлестірілді (+ВИДЕО)

amin.kz/17 қыркүйек, 2020 жыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей бастамасымен іске қосылған «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша бір мезгілде 600 отбасына, Атырау облысында 30 отбасына азық-түлік тапсырылды.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қамтылып отыр.

«Әрдайым мұндай қайырымдылық шара жалғасын тауып отырады. Мұқтаж отбасылар әркез мүфтият назарында» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Қамкөңіл отбасыларға азық-түлік пакетін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өз қолымен табыс етті.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.