ҚМДБ – 30: Қызылқоға аудандық мешітінің дәретханасы пайдалануға берілді (+ВИДЕО)

amin.kz/19 қыркүйек, 2020 жыл.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының отыз жылдығы аясында пайдалануға берілген дәретхана құрылысының пайдалануға берілу рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барды.

Заманауи талаптарға толықтай жауап беретін дәретхананы Қызылқоға ауданының Миялы ауылының жастары демеушілікпен тұрғызып берді.

“Дәрет – намаздың кілті. Демек, біздің дәрет алатын жерлеріміз көркем болуы керек” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Дәретхана ер және әйел адамдардың дәрет алуына арналған орындармен және душ кабинасымен жабдықталған.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.