ҚМДБ РАНТ ӨКІЛДЕРІ АТЫРАУ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Данияр Айтбайұлы мен бөлім маманы Ислам Маратұлы Атырау қаласындағы «Әт-Тақуа» және «Сұлтан Бейбарыс» мешіттерінде жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында ҚМДБ өкілдері жамағатқа бауырмалдық, тақуалық және имандылық ұғымдарының мән-маңызы туралы насихат айтып, исламдағы бірлік пен мейірімге шақырды. Сонымен қатар, рухани тәлім беру арқылы дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу – кездесудің басты мақсаты болды.

Жамағат дін мамандарының насихатын ыстық ықыласпен қабыл алып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.