ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қордың өңірлердегі өкілдерімен онлайн байланыс арқылы жиналыс өткізді.
Жиын барысында қор директоры ҚМДБ-ның 35 жылдығы аясында атқарылуы тиіс жұмыстарды баяндады. Атап айтқанда, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында берілген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталды.
Сондай-ақ келе жатқан қасиетті Рамазан айы мен жыл бойы атқарылуы тиіс жұмыстар туралы ойын ортаға салып, зекет өкілдеріне тиісті тапсырмаларын берді.



