Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылына қарасты Қосшағыл мешітінің наиб имамы Ғанибек Қожанапес мектеп түлектерінің «соңғы қоңырау» салтанатына қатысты.
Жас түлектерге сәт-сапар тілеген Қосшағыл мешітінің наиб имамы Ғанибек Қожанапес жастардың үлкен өмірге қадам басып отырғандарын ерекше атап өтті.
«Адам өмірге келгеннен кейін оның жүріп өтетін жолы, атқаратын белгілі бір істері болады. Қазіргі уақытта сіздер білім алатын ерекше жауапты кезеңге аттанып барасыздар. Отбасында, мектепте алған білім мен тәрбиелеріңізді әрі қарай шыңдайтын кез келді. Сіздерге осы кезеңде сәттілік тілеймін» деді Қосшағыл мешітінің наиб имамы Ғанибек Қожанапес.
Еске сала кетелік, биыл Атырау облысы бойынша 5999 түлек мектеп бітіріп отыр.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.