«Shoq Doner» сауда белгісімен халыққа фаст-фуд, яғни, жылдам тамақтану қызметін ұсынып отырған қоғамдық тамақтану орнының басқарушысы Арман Серікұлына ҚМДБ-ның халал стандарт сертификаты табысталды.
Сертификатты Атырау облысының Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Арман Исаев табыс етті.
Аталған жылдам тамақтану желісі Құлсары қаласы, И.Тайманов көшесі, 28 мекен-жайында орналасқан .
«Мекеменің қызметі- Қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021 стандартына сай екендігін растайды.
Сертификаттың мерзімі 21.08.2023 дейін жарамды» делінген сертификатта.
Еске сала кетелік, «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.
2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.